2018 жылдың 19 наурыз күні Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының концерт залында, Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында
мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» дәстүрлі облыстық байқауы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – cол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс,»- деген болатын.
Байқаудың негізгі мақсаты: қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас
таланттар мен шебер орындаушыларды табу және қолдау.
«Қасиетті домбыра» дәстүрлі облыстық байқауына облысымыздың Аққөл, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан барлығы 40 –қа жуық домбырашылар қатысты.
Байқауға «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасының орынбасары Біржанов Азамат Дулатұлы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы және Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының әртісі, домбырашы Сейітов Құрмет Тұрлыбекұлы қазылық етті.
Байқаудың жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталды: «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші».
Сыннан сүрінбей,жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан «Үздік күйші» номинациясының жеңімпазы Есіл ауданының оқушысы Аманжолов Арсен, жетекшісі Хасенова Нағима Дулатовна. «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының жеңімпазы Біржан сал ауданының оқушысы Әнәс Иманғазы, жетекшісі Алжанов Жеңіс. «Үздік
термеші» номинациясының жеңімпазы Аққөл ауданының оқушысы Назиев Алишер, жетекшісі Бөженқызы Ақгүл. Барлық қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің дипломымен және естелік сыйлығымен марапатталды. Бас жүлде – кубок.