АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

03.04.2018

2018 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық

олимпиадаға іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің абырой-беделін арттыру сияқты шараларды атап көрсетуге болады.

Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан шыққан оқушылардан барлығы 20 команда қатысты.

Ақмола облысының командасын Көкшетау қ. «Білім-инновация» лицей-интернаты, Астана қ. №2  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Көкшетау қ. №3  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Степногорск қ., дарынды балаларға арналған №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақкөл ауданы №2 Ақкөл орта мектебі, Атбасар ауданы №1 Атбасар орта мектебі,  Бурабай ауданы Атамекен орта мектебі, Бурабай ауданы Зеленобор мектеп-гимназиясы, Бурабай ауданы Щучье қаласының № 6 орта мектебі, Бурабай ауданы Щучье қаласының № 9 мектеп-гимназиясы, Ерейментау ауданы №2 орта мектеп-лицейі, Зеренді ауданы Чаглинка орта мектебі, Степногорск қ. № 4 Л.Н.Толстой атындағы мектеп-гимназиясы, Көкшетау қаласы Гуманитарно-техникалық мектеп-лицейі, Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясы, Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп- гимназиясы, Көкшетау қаласы №5"Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы , Көкшетау қаласы №6 орта мектеп-лицейі, Көкшетау қаласы № 19 орта  мектептерінен 30 оқушы құрады.

Олимпиада қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

ІІ дәрежелі дипломдармен – 1 оқушы;

ІІІ дәрежелі дипломдармен – 5 оқушы;

Гудымяк Алена – 11 сынып оқушысы Көкшетау қаласы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының неміс тілі пәнінен Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің білім грантына ие болды.

ІІ дәрежелі дипломмен 1 оқушы марапатталды:

1. Несіпбай Асқар - «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Бурабай ауданы Щучье қаласының №9 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен 5 оқушы марапатталды:

      1. Асан Туран - «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Cтепногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп– интернатының  10 сынып оқушысы;

    2. Сакенова Аружан - «Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша Көкшетау қаласы, № 6 орта мектеп- лицейінің 10 сынып оқушысы;

    3. Үсен Серикбай - «Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

    4. Карнилова Анастасия - «Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша Көкшетау қаласы, № 6  мектеп- лицейінің  11 сынып оқушысы;

    5. Плаксина София – «Ағылшын тілі» пәні бойынша Көкшетау қаласы, № 6  мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы

    Барлық қатысушылар жеңіске деген жігері мен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды және қатысушы сертификаттары берілді.

Просмотров: 615


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст