АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңін өткізу туралы қорытындылары

03.09.2024

Павлодар қаласында 2024 жылғы 27-31 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың химия және  биология пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Химия (160 қатысушы) және биология (159 қатысушы) пәндері бойынша облыстық кезеңнің 319 жеңімпазы мен жүлдегері бақ сынайды.

Республикалық олимпиада барлық санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары қатаң сақтала отырып, екі мектеп базасында өткізілді:

1) Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты;

2) А. Шамкенов атындағы лицей-мектебі.

2024 жылғы 31 наурыз күні олимпиаданың жабылу салтанаты, Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында жүргізілді.

Ақмола облысынан 12 оқушы қатысты, химия пәні бойынша – 6 қатысушы, биология пәні бойынша  - 6 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломдармен – 2 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Химия» пәні бойынша Егінбай Ақерке – Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

2. «Биология» пәні бойынша Мереке Мирас – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст