Қостанай қаласында 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.
Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 4 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша – 4 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 оқушы жеңімпаз атанды: ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Бейсенбай Алуа - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Дулатова Алуа – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!