АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңін өткізу туралы қорытындылары

04.09.2024

Астана қаласында 2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, оның ішінде: «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша - 4 оқушы, «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәні бойынша - 4 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Фрик София  - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломмен «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Корниенко Ульяна – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 11-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен марапатталды:

  1. «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәні бойынша Сайлауова Сабина – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің11-сынып оқушысы;
  2. «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәні бойынша Касенова Дария – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 10-сынып оқушысы.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 64


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст