АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңін өткізу туралы қорытындылары

04.09.2024

Өскемен қаласында 2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың «Қазақстан тарихы» және «Құқықтану негіздері» пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы».

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, оның ішінде: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша - 4 оқушы, «Құқықтану негіздері» пәні бойынша - 4 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы және грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

  І-дәрежелі дипломмен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Амангелді Абдуррахман  - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталды.

II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Құқықтану негіздері» пәні бойынша Тахтабаева Милана – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

2. «Құқықтану негіздері» пәні бойынша Жакин Алимжан – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы;

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

  1. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Ақтай Нұрсаид  - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  2. «Құқықтану негіздері» пәні бойынша Шагиров Аскар – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 11-сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталды:

1.«Қазақстан тарихы» пәнінен бойынша Ербатыр Ернияз  - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 11-сынып оқушысы;

2. «Құқықтану негіздері» пәні бойынша Резникова Алина – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 81


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст