04.09.2024
Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 12-14 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында IІ облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауы өткізді.
Ілияс Есенберлин байқауының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ілияс Есенберлин байқауының негізгі міндеттері жазушының шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқау екі айналым бойынша өткізілді. I айналым тест тапсырды.
Екінші айналым бойынша «Ілияс Есенберлин» байқауы 3 номинация бойынша өткізілді.
1) «Тарихтың көркем суреткері» - эссе жазу номинациясы
2) «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» - Ілияс Есенберлин шығармаларынан үзінді оқу номинациясы
3) «І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» - Ілияс Есенберлин еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы
Байқауының қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
- «І.Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Даулет Рауан - Степногорск қаласы, Бестөбе кенті № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Қуатбекова Нұрай - Целиноград ауданы, Ы.Алтынсарин ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Темірбай Жансая -Степногорск қаласы, Ақсу кенті №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Байқауының қорытындысы бойынша IІ-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
- «І.Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Тілейхан Тоғжан - Аршалы ауданы, Елтоқ ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Амангелді Мерей - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Айтмуханбетова Аянат - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Кусаинова Айымгүл - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 10-сынып оқушысы.
Байқауының қорытындысы бойынша IІІ-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
- «І.Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Азат Альбина - Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Берікбол Темірлан - Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Умирхан Мехмет - Атбасар ауданы, Бастау ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Максут Наргиз - Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Амантай Лашын -Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Даулеткерей Томирис - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!