АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы

04.09.2024

2024 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Ақмола облысынан олимпиадаға келесі оқушылар қатысты:

1.Биология пәні бойынша Ескен Мөлдір - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

2. Биология пәні бойынша Муратбек  Дархан - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Новодонецк ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы

3.Химия пәні бойынша Черникова Дарья - Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының  № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы

4. Химия пәні бойынша Сулейменұлы Мухаммад - Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы

5. Биология пәні бойынша Жакупов Амир - Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы

6. Химия пәні бойынша Бейфус Эрика - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы

7. Химия пәні бойынша Есжан Дінмұхаммед - Ақмола облысы білім басқармасының "Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы

8. Биология пәні бойынша Әлихан Жасмин - Ақмола облысы білім басқармасының "Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы

Химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша химия пәні бойынша Сулейменұлы Мухаммад - Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы грамотамен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст