АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

04.09.2024

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - географиялық білім мен дағдылардың, зерттеулер жасау белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.

География пәнінен Ұлттық олимпиадаға Ақмола облысынан 2 оқушы қатысты.

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Төлегенов Ерсұлтан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен Домбровский Тимур - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы-марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

Просмотров: 903


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст