2024 жылғы 29 мамыр күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары және түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалармен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрімен «БАЛА ҮНІ» атты кездесуі өтті.
«...Тек білім алуға, биік белестерді бағындыруға және адал, әділ тұлға болуға ұмтылу керек, өйткені еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда», деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі.
Кездесуге қатысушылар үшін Президенттік орталыққа экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, елорда қонақтары үшін Астананың ірі мәдени туристік нысандары бойынша экскурсиялық маршруттар ұйымдастырылды.
Ақмола облысынан Асқар Алинұр - Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы және Райхан Бейбарыс - Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы - 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық, республикалық кезеңінің жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысты.
Кездесу соңында қатысушыларымызға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табысталды.