2024 жылғы 11-14 маусым аралығында Абай облысы, Семей қаласы, Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV «Абай оқуларының» республикалық кезеңі өтті.
«Абай оқулары» негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
«Абай оқулары» негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Конкурс 6 номинация бойынша өткізілді.
1) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
2) «Абайдың қара сөздері»
3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
4) «Көңілім әнді ұғады»
5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
6) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты:
ХХV «Абай оқуларының» республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен Болат Арайлым марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!