АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өтетін Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының кезеңінің қорытындысы

04.09.2024

2024 жылғы 14-20 маусым аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

-жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық  жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

1-номинация «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - Бұл номинацияда үміткер М.Мақатаевтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала әділ-қазыларға ұсынады.

2-номинация «Жыр эстафетасы» - айдарында байқау қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс.

3-номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» айдары бойынша оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) қазылардың нұсқауымен оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» Республикалық байқауында «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Жуманова Аружан - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы қатысты.

«М.Мақатаев оқулары» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Жуманова Аружан Алматы облысы Райымбек ауданының әкімінің     50 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 1599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст