АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

17.04.2018

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 6-8 сәуір аралығында ОҚО, Түркістан қаласындағы Нұртас Оңдасынов «Дарын» мектеп-интернат базасында 5-10 сынып оқушылары арасында ХІІІ республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының қорытынды республикалық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың туған елінің тарихын танып-білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін

арттыру, туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Олимпиада екі кезеңде өтті:

1 кезең – қашықтық.

2 кезең – республикалық.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне Ақмола облсынан екі оқушы қатысты. Олар: Целиноград ауданы №20 Қоянды орта мектебінің 7-сынып

оқушысы  Әкишева Жаннұр және №2 Қосшы орта  мектебінің 7-сынып оқушысы Бакен Ботагөз.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар тест тапсырып білімдерін сынаса, екінші кезеңде эссе жазды.

Оқушылар өз білімдерін көрсетіп бақ сынасты. Нәтижесінде, әділ қазылар шешімі бойынша Әкишева Жаннұр 58 ұпайға, Бакен Ботагөз 57 ұпайға

ие болып, бірінші орынды иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.                                

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст