Жобаның мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.
«Qabilet» қызметі-10-11 жастағы балалардың қабілеттерін анықтау жүйесі.
«Qabilet» қызметі дарынды балаларды мен талантты жастардың олардың зияткерлік пен жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеуді және қолдауды көздейді.
«Qabilet» қызметі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
«Qabilet» қызметі оқушыларға және ата-аналарға баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға, оның дарындылығынодан әрі дамыту мен оқыту бойынша ұсыныстар алуға тең мүмкіндіктер береді.
«Qabilet» қызметінің қабілеттерін диагностикалау әдістемесі «4К» - XXI ғасырдың басты құзыреттеріне негізделген (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация және коммуникативтілік).
Диагностика мен қабілеттерді анықтау «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтарының базасында және Елбасы Академиясының qabilet.elbasyacademy.kz Qabilet онлайн-платформасында тегін жүзеге асырылады.
Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді.
Қазіргі уақытта «Qabilet» қызметін- қабілеттер диагностикасынан 10-11 жастағы әрбір оқушы өте алады. Сондай-ақ ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді.
Қиындықтар туындаған кезде хабарласуға болатын Call орталықтың және чат-кеңесшінің телефоны сайттың төменгі бұрышында көрсетілген.
Call орталықтың нөмірі – 8 800 080 48 48. Сағат 9.00-18.00 аралығындаНұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс істейді (күн сайын), Call орталыққа қоңырау шалу тегін.
Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушы қабілеттер нәтижелеріне талдау алады, сондай-ақ кеңесберушілік қолдау мен әлеуеттін дамытуға арналғанұсынымдар алады.
Әрі қарай, қатысушы өз қалауы бойынша маманның кәсіби кеңесіне жазыла алады, ол тестілеу нәтижелерін дұрыс талдауға көмектеседі, қабілеттерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар береді (Көкшетау қаласы Абай көшесі 107, 87162511272 телефоны)
Әрі қарай, қатысушы өз қалауы бойынша маманның кәсіби кеңесіне жазыла алады, ол тестілеу нәтижелерін дұрыс талдауға көмектеседі, қабілеттерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар береді.