2018 жылғы 18 мамырда Көкшетау қаласы, № 3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында Ақмола облысының 6-11 сыныптары оқушыларының арасында «Ясауитану-2018» облыстық байқауы болып өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы Білім басқармасының «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы» КММ болды.
Байқаудың мақсаты:
1.Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастыруда үлкен маңызы бар Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау.
2.Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.
3.Жас буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру.
1орын – Азатбек Армангуль, Ақкөл ауданы Өрнек орта мектебінің 8 -сынып оқушысы.
2 орын – Болат Ельдар, Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
2 орын - Дәлелхан Кенжебек, №1 Красный яр орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
3 орын – Шаймерденова Дана, Бурабай ауданы, №9 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
3 орын - Сенимбек Ахниет, Целиноград ауданы, №22 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
грамота – Болатхан Меруерт, Целиноград ауданы №21 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
грамота - Бағрам Тоқтар, Көкшетау қ . №12 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
грамота – Темирбеков Чингиз, Ақкөл ауданы, Еңбек орта мектебінің 10 сынып оқушысы. 1,2 орын алған жүлдегерлер 2018 жылғы қыркүйек айында Түркістан қаласында өтетін Республикалық байқауға қатысатын болады