2024 жылғы 28 – 29 қараша күндері Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өткізілді. Зияткерлік шоу болып табылатын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телебағдарламасы алғаш рет «Хабар» агенттігінің эфирінде 1999 жылы шыққан.
Зияткерлік ойын үш кезеңде өткізіледі:
1)аудандық/қалалық;
2)облыстық;
3)қорытынды (республикалық).
Зияткерлік ойынға 13 ауданнан, Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 20-ға жуық оқушы қатысты.
Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының республикалық (қорытынды) кезеңіне 5 оқушы қатысады.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Ақмола облысы білім басқармасының "Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей- интернатының 11-сынып оқушысы Кенесова Дильмира марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Құстаев Алмас марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Ташиков Ерасыл -Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
2. Нұран Нұржан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы;
3. Сейтбаттал Темірлан - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Грамоталармен марапатталды:
1. Нұрлыбек Аружан - Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2. Садыкова Жансая - Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
Зияткерлік ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!