Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 77 команда 2024 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында мектеп оқушылар арасында информатикадан XVІ Еуразиялық олимпиадасы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында) өтті. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде олардың зияткерлік дамуына, кәсіптік бағдарлануына және білім беруді жалғастыруына жәрдемдесу болып табылады.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
-неғұрлым талантты ақпараттық-бағдарланған шығармашылық жастарды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
-жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды даярлау жолымен үздіксіз білім беру идеясын іске асыру;
-кәсіптік ақпараттық білім берудің маңыздылығын күшейту;
-ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық білімді насихаттау;
-жоғары сынып оқушыларының кәсіби қызметте өзін-өзі анықтауға бағдарлануы.
Ақмола облысының намысын Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 оқушысы: Мұғжан Дінмұхаммед – 9-сынып оқушысы, Шаймерден Нұрәлі – 9-сынып оқушысы, Қуанышбек Нұрислам – 10-сынып оқушысы, Абенов Чингиз – 10-сынып оқушысы, Қуан Арсен – 10-сынып оқушысы, Амирдинов Султанбек – 11-сынып оқушысы, Сейтбаттал Темірлан – 11-сынып оқушысы қорғайтын болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 4 оқушысы қола медальдармен және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды: Мұғжан Дінмұхаммед – 9-сынып оқушысы, Шаймерден Нұрәлі – 9-сынып оқушысы, Қуанышбек Нұрислам – 10-сынып оқушысы, Абенов Чингиз – 10-сынып оқушысы.
Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!