АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Республикалық Лингвистика олимпиаданың ІІІ туры (республикалық) олимпиадасының қорытындысы

23.12.2024

2024 жылғы 17 желтоқсан күні 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ туры (республикалық) өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға математика және тіл (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша үздік білім алушылар, облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Олар:

1. Қуан Арсен – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

2. Сейтбаттал Темірлан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Сейтбаттал Темірлан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы 2 орын иеленді.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 1341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст