Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 - 30 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектпе оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциялары: математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия. Ақмола облысының намысын 8 жобамен 9 оқушы қорғады.
Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
І-дәрежелі дипломмен «Физика, космос» секциясы бойынша Кадирбек Аяжан - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.
II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1.«Туризм және спорт» секциясы бойынша Дотей Айғаным - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;
2.«Туризм және спорт» секциясы бойынша Набиева Айым - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;
3.«Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Духно Денис - Сандықтау ауданы, Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1.«Химия, биология» секциясы бойынша Дәулет Бектөре - Ақкөл ауданы, Барап ауылының негізгі орта бiлiм беретiн мектебiнің 4-сынып оқушысы;
2.«Физика, космос» секциясы бойынша Ибрагим Адия - Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
3.«Химия, биология» секциясы бойынша Ахметова Хадиджа-Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
4. «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Потапченко Максим - Көкшетау қаласы, № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталды:
1. «Туризм және спорт» секциясы бойынша Шахмарданова Жанель - Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!