07.02.2025
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңін 2025 жылғы 4 ақпан күні онлайн түрде өткізді.
Жас ақындар айтысына Бұланды, Целиноград аудандарының, Қосшы қаласының, IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылар қатысты.
Жас ақындар айтысының қорытындысы бойынша I, II, III орын алған оқушылар:
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Елешұлы Нұрғиса – Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – I орын.
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Абдуразақ Иманғали – Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – II орын;
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Адал Кербез - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Бекбосын Әмірхан - IQanat High School of Burabay» мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота.
- «Қайым айтыс» номинациясы бойынша Елубай Ризат - Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – грамота.
- «Қайым айтыс» номинациясы бойынша Эргашев Мұхаммед - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – грамота.
Ақындар айтысының республикалық кезеңіне жолдама алған қатысушыға сәттілік тілейміз!!!