АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

27.02.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен 2025 жылғы 24-26 ақпан аралығында Сандықтау ауданы  Сандықтау ауылылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

-жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық  жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

1-номинация «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - Бұл номинацияда үміткер М.Мақатаевтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала әділ-қазыларға ұсынады.

2-номинация «Жыр эстафетасы» - айдарында байқау қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс.

3-номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» айдары бойынша оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) қазылардың нұсқауымен оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт.

Байқауға 42 оқушы қатысты. Олардың барлығы республикалық              «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары.

Байқаудың қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

I-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айвек Иманғали -  Аршалы ауданы  Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;

2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана - "IQanat High school of Burabai" мектебінің 10-сынып оқушысы;

3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Алтын Әділет -  Целиноград ауданы  Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

ІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Байзолла Мерей - Зеренді ауданы  Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;

2.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Болат Арайлым - Степногорск қаласы  Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;

3.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Жолдас Назерке - Целиноград ауданы Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

4.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Кульчимбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

5.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сарсемби Айзере         - Зеренді ауданы Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

6.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Жаналы Самат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.

ІІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Кусаинова Диана  -   Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

2.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Ернұр Қарақат - Целиноград ауданы  Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

3.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Бикбайова Аделя - Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

4.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Өмірбекұлы Мәди -  Ақкөл ауданы  Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

5.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Цогцебек Лашын - Бұланды ауданы Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

6.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Сәрсен Перизат - Қорғалжын  ауданы Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

7.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Ерболов Расул -  Ерейментау ауданы  Ерейментау қаласының «Бөгенбай батыр  атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

8.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сейдағали Айару -  Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

9.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен  Арыс Ақиқат марапатталады -  IQanat High school of Burabai  мектебінің 10-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

1.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Смағұл Нұрсұлтан - Біржан сал ауданы Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы  жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

2.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Байтан Айнұр -  Біржан сал ауданы  Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.  

Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст