2025 жылғы 21-23 ақпан аралығында Алматыда «Атакент» көрме орталығының 1-11 (12) сынып оқушыларына арналған «First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» ғылыми жобалар байқауы өтті.
Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО, Алматы қаласының білім басқармасы және USTEM Foundation қоғамдық қоры.
Биылғы маусым «DIVE» тақырыбында өтті. Су асты әлемін зерттеуге және мұхиттарды ластау мен теңіз жануарларының популяциясын азайту сияқты экологиялық мәселелерді шешу жолдарын іздеуге арналды.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашып, ғылыми-техникалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ робототехника және сенсорика саласындағы техникалық жобалау мен бағдарламалауға қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Түркменстан және Өзбекстаннан келген жас өнертапқыштар қатысты. Үш күндік шараға шамамен 3000 қатысушы мен қонақ жиналды.
Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт санат бойынша ұсынады:
FIRST LEGO League Discover (4-6 жас);
FIRST LEGO League Explore (6-10 жас);
FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас);
FIRST Tech Challenge (12-18 жас).
Дрондар чемпионаты төрт бағытта өтеді:
ASPAN Drone Competition — дрондарды бағдарламалау және басқару;
ASPAN Cyber Competition — VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыстар;
ASPAN Drone Race — FPV (First Person View) дрондар жарысы.
Ақмола облысынан 4 команда және 32 оқушы қатысты.
1) Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8 оқушысынан құрылған "Obaldyes" командасы;
2) Команда "Kundelik.kz" Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 5 оқушысынан құрылған;
3) Щучинск қаласының it лицей-интернатының 4 оқушысынан құрылған "Snapmaker" командасы;
4)Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 15 оқушысынан құрылған "Sipinine" командасы.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының "Sipinine" командасы командалық 3 дәрежелі дипломмен және 15 қола медальмен марапатталды:
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!