04.04.2025
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, талантты мен дарындыларын анықтау.
Байқаудың міндеттері:
-жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру;
-Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;
- жас буынның тарихи танымдарын, демокартияға және азаматтықа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамларын қалыатастыру.
«Ілияс Жансүгіров оқулары» 5 бағыт бойынша өткізілді:
1-бағыт «Ілияс – эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы – Қатысушы І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын толық жатқа білуі керек;
2-бағыт «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы - қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазады (тақырыптар байқау кезінде беріледі);
3-бағыт «Ілияс – қарасөз шебері» - көркем сөз оқу номинациясы. Қатысушы І. Жансүгіровтың прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқиды (монолог, диалог, т.б.). Әр қатысушыға 5-7 минут беріледі.
4-бағыт «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы. Қатысушы қазылар алқасы ұсынған І. Жансүгіров өлеңдерінің біреуін таңдап алып, композициялық құрылысын, көркемдегіш құралдарды тауып, жазбаша талдайды (теңеу, эпитет, өлең құрылысы, т.б.). Талдауды ауызша түсіндіреді. Дайындалау – 5 минут, талдау – 3 минут. Талданатын өлеңдер тізімі алдын ала қосымшада беріледі.
5-бағыт «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлерлер номинациясы. Буктрейлер І. Жансүгіровтың тек бір шығармасына арналуы керек.
Байқаудың қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 6 оқушы марапатталды.
I-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1.«Жаз!Жаз!Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы бойынша Ахметжанова Аяулым - Бұланды ауданы "Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. «Ілияс – қарасөз шебері» - көркем сөз оқу номинациясы бойынша Алиева Айгерім - Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
3. «Сұлу сөздің сүлейі»-шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша Нұрланқызы Қарақат - Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы.
II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
Грамотамен марапатталды:
Жеңімпаздарымыз мен жүлдегерлеріміз шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!