10-11 сынып оқушыларына арналған VI республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының қорытындысы

05.04.2025

2025 жылғы 5 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларына арналған VI республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы Көкшетау қаласында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетнің базасында өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

​Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі еспетерді шешуге дағдыландыру.

​Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 13 оқушы, грамотамен- 6 оқушы, сертификатпен- 2 марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен– 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 12 оқушы, грамотамен - 7 оқушы марапатталды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқуға білім беру ішкі гранты Степногорск қаласынан келген 11-сынып оқушысы, І-дәрежелі диплом иегері Расул Биляловқа берілді.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқуға 50% жеңілдік Қосшы қаласынан келген 11-сынып оқушысы, ІІ-дәрежелі диплом иегері Есенәлі Елнұрға табысталды.

Сондай-ақ, аталған ЖОО-да оқуға 30% жеңілдік Қосшы қаласынан келген 11-сынып оқушысы, ІІІ-дәрежелі диплом иегері Жанболат Әміре берді.

Барлық грамота иегерлеріне, 11-сынып оқушыларына аталған ЖОО-да оқуға 10% жеңілдік берілді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ішкі грантымен олимпиаданың алтын жүлдегері Базарбай Нұрсұлтан  - Бурабай ауданының 11-сынып оқушысы марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 94


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу