АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

INFOMATRIX ASIA-2025 қатысу қорытындылары туралы ақпарат

05.04.2025

2025 жылғы 29-31 наурыз аралығында Астана қаласында IT жобалар бойынша халықаралық INFOMATRIX ASIA-2025 байқауы өтті. Жарысқа 9 мемлекеттен 210 жобамен 600 қатысушы мен 100 жетекші қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

• Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту.

• Қазақстанның IT саласын дамытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа жобаларды әзірлеу және жастардың ғылыми-зерттеу әрекеттерін негізге алу.

• Талантты жастарды шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға дайындау арқылы өмір бойы білім алу идеясын жүзеге асыру.

• Саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Байқау тоғыз секция бойынша өткізілді:

1. AI Programming (Жасанды интеллект бағдарламалау)

2. AI Hackathon (Жасанды интеллект хакатоны)

3. Computer Art (Компьютерлік өнер)

4. Hardware Control (Аппараттық басқару)

5. Short Movie (Қысқаметражды фильмдер)

6. Applied Science (Қолданбалы ғылым)

7. Arduino Hackathon (Arduino хакатоны)

8. Lego Relay Race (LEGO эстафетасы)

9. Startup Projects (Стартап жобалар)

Байқау ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры.

Ақмола облысынан халықаралық байқауға Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының және Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының оқушылары қатысты.

Халықаралық байқау қорытындысы бойынша:

ІІ-дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен марапатталды:

Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушылары:

AI Hackathon (Жасанды интеллект хакатоны) бағыты бойынша: Молдияр Абай - 9-сынып оқушысы, Хамзин Алихан - 9-сынып оқушысы.

Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының оқушылары:

Short Movie (Қысқаметражды фильмдер) бағыты бойынша: Еркін Таир - 10-сынып оқушысы, Бақытжан Досмұхаммед - 10-сынып оқушысы, Болатбек Нургиса - 10-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды:

Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушылары:

 

Startup Projects (Стартап жобалар) бағыты бойынша: Аппас Мусаб - 10-сынып оқушысы, Киззатов Фархат - 10-сынып оқушысы.

 AI Hackathon (Жасанды интеллект хакатоны) бағыты бойынша: Қуанышбек Нұрислам - 10-сынып оқушысы, Қуан Арсен - 10-сынып оқушысы, Абенов Чингиз - 10-сынып оқушысы.

Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының оқушылары:

Applied Science (Қолданбалы ғылым) бағыты бойынша: Кадралинова Амина - 9-сынып оқушысы, Егінбай Ақерке - 9-сынып оқушысы, Шортаева Асылжан - 9-сынып оқушысы.

Startup Projects (Стартап жобалар) бағыты бойынша: Абильдин Алижан - 10-сынып оқушысы, Серыктай Адиль - 10-сынып оқушысы, Айбек Сағымбай - 10-сынып оқушысы.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст