АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

18.04.2025

Қызылорда қаласында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасы және «Сыр дарыны» қосымша білім беру орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Олимпиадаға облыстық кезеңнің 185 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.

Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, Қазақстан тарихы пәні бойынша – 4 қатысушы, құқық негіздері пәні бойынша  - 4 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 2 оқушы марапатталды.

I-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы, "Құқық негіздері" пәні бойынша Ақылбай Кәусар марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Қабдуахит Нұрасыл - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;

2.Жусупова Дамира - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Құқық негіздері" пәні бойынша.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Амангелді Абдурахман - "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;

2.Султанова Сания - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының білім грантымен 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың күміс медалі иегері Қабдуахит Нұрасыл - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст