«KERUEN SCIENCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

18.04.2025

2025 жылғы 16-18 сәуір аралығында Астана қаласында «KERUEN SCIENCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

         Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру.

         Олимпиада 2 турдан тұрды:

         1 тур – теориялық;

         2 тур – практикалық.

         Олимпиада нәтижесі бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша Рамазанов Ансар марапатталды.

         Шын жүректен құттықтаймыз және болашақ зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!

Просмотров: 109


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу