АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қазақстандық робототехника чемпионаты «Білім Шыңы FIRST Championship 2025» нәтижелері

27.04.2025

2025 жылғы 12–13 сәуір аралығында Астанадан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Білім Шыңы FIRST Championship 2025» Қазақстан робототехника чемпионаты өтті. Чемпионатқа қатысушылар инженерлік дағдыларын, командалық жұмысын және инновациялық шешімдерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Чемпионат келесі санаттар бойынша өткізілді:

🔹 Discover (4–6 жас)

🔹 Explore (6–10 жас)

🔹 Challenge (9–16 жас)

🔹 FTC (12–18 жас)

Ақмола облысы білім басқармасы «Білім-инновация» лицей-интернатының 23 оқушы қатысты.

«Білім Шыңы FIRST Championship 2025» Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасы «Білім-инновация» лицей-интернатының «Sipinine командасы» екі аталымда чемпион атанды:

• Inspire Award Winner

• Winning Alliance Captain

«Inspire award winner, Winning alliance capitain» номинациядан: Абенов Чингиз - 10-сынып оқушысы, Айбасов Мансур - 10-сынып оқушысы, Айтпаев Алихан - 10-сынып оқушысы, Әлімбай Еркенаби - 10-сынып оқушысы, Бахытжан Алдияр - 10-сынып оқушысы, Жұмажан Мадияр - 10-сынып оқушысы, Касенов Иман - 10-сынып оқушысы, Қуан Арсен - 10-сынып оқушысы, Қуанышбек Нұрислам - 10-сынып оқушысы, Мухамедин Абзал - 10-сынып оқушысы, Талғатбек Айдар - 10-сынып оқушысы, Телжан Иманали - 10-сынып оқушысы;

«Innovate award winner» номинациядан: Жақсылық Мағжан - 9-сынып оқушысы, Молдияр Абай - 9-сынып оқушысы, Әбдіжаппар Рамазан - 9-сынып оқушысы, Мансуров Жантөре - 9-сынып оқушысы, Хамзин Алихан - 9-сынып оқушысы, Нурланов Дамир - 9-сынып оқушысы, Сайлаубек Шыңғыс - 9-сынып оқушысы;

«Innovation project award winner» номинациядан: Ақай Али - 8-сынып оқушысы Досмахамбет Назар - 8-сынып оқушысы, Сафин Артур - 8-сынып оқушысы, Смагулов Амир - 8-сынып оқушысы.

Жарайсыңдар, жас өнертапқыштар! Робототехника ғылымындағы жетістіктеріңіз толастамай, жеңістеріңіз көп болсын!

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст