02.05.2025
2025 жылғы 1-2 мамыр аралығында Астана қаласында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада.
Олимпиадаға Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен:
1.Astana International University университеттің «Педагогика және психология» (В001) білім беру бағдарламаларына жеңілдік сертификатымен «Сөз шеберлері» бағыты бойынша (қаз.) Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Мәнап Сезім марапатталды.
2.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (қаз.) Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Елешұлы Нұрғиса марапатталды.
Miras education Мирас университетінің «Журналистика» (6В03201) білім беру бағдарламаларына жеңілдік сертификатымен «Бейнелеушілер» бағыты бойынша (рус.) Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі К.Өскенбаев атындағы Қима ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Марченко Юлия марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!