«Robotek Grand Tournament» Халықаралық робототехника чемпионатының туралы ақпарат
13.05.2025
2025 жылғы 13 мамыр күні Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» Халықаралық робототехника чемпионаты өтті.
Чемпионат ұйымдастырушылар:
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
- Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы
- «Роботек» білім беру робототехника мектебі
Robotek Grand Tournament – робототехникадан мектеп оқушылары арасындағы халықаралық чемпионат. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.
Санаттар:
- «Роботек» санатындағы жарыс (2012-2016 т.ж.)
- «Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты (2012-2016 т.ж.)
- «Жеткізуші робот» санаты (2012-2016 т.ж.)
- «Мерген» санатындағы жарыс (2008-2011 т.ж.)
- «Туды жеткізу» санатындағы жарыс, жоғары санат (2008-2011 т.ж.)
- «Сұрыптаушы робот» санатындағы жарыс (2008-2011 т.ж.)
- «РобоБаскетбол» санатындағы жарыс (2008-2016 т.ж.)
Қазақстанның 17 аймақ, 3 республикалық маңызы бар қалаларының және шет елдердің ең мықты құрамалары қатысты. Барлығы — 350 оқушыдан астам.
Ақмола облысынан "Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңінің 12 жеңімпаздары қатысты.
«Robotek Grand Tournament» Халықаралық робототехника чемпионаттың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен мараптталды:
1. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Асанбай Ілияс - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Белгібай Амиржан - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
3. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Булат Әбілмансұр - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 9-сынып оқушысы;
4. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Жылқайдар Асылхан - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 9-сынып оқушысы.
Жас инженерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз, робототехникада алдағы жеңістерге жете беріңдер!