Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

12.06.2025

Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 2025 жылғы 11-13 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

-жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық  жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

1-номинация «Айтып өткен ақында арман бар ма?»

2-номинация «Жыр эстафетасы»

3-номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...»

Ақмола облысынан  «Мұқағали Мақатаев оқулары»  облыстық кезеңінің 3 жеңімпаз қатысты:

1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айвек Иманғали -  Аршалы ауданы  Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;

2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана - "IQanat High school of Burabai" мектебінің 10-сынып оқушысы;

3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Алтын Әділет -  Целиноград ауданы  Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сертификатпен Целиноград ауданы  Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Алтын Әділет марапатталды.

Грамотамен Аршалы ауданы  Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы Айвек Иманғали марапатталды.

Шың жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта тек жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 7862


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу