FLL Dubai First Off-Season 2025 сайысының қорытындысы

30.06.2025

Дубайдағы халықаралық робототехника жарысында ақмолалық команда абсолютті жеңімпаз атанды Бурабай ауданындағы «Білім-инновация» IT лицейінің BILMS командасы Дубай қаласында өткен халықаралық First робототехника жарысында — FLL Dubai First Off-Season 2025 сайысында 1-орын алып жеңіске жетті!

Команда құрамы: - Досай Әли - Кадралинова Амина - Іңкәрбай Ескендір - Шортаева Асылжан «Оқушыларымыз жоғары дайындықты, керемет командалық жұмысты және техникалық шеберлікті танытты.

Бұл жеңіс — бірнеше айлық тынымсыз еңбектің, табандылықтың және өз күшіне деген сенімнің жемісі»,- деп айтты команда жетекшісі Ерлан Аманқосов.

Барша қатысушыларды, лицей ұжымын осы зор жетістікпен құттықтаймыз!

Просмотров: 7988


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу