Шығармашыл оқушылар арасындағы XІІ «Ақберен» республикалық өнер байкауының қорытындысы

08.09.2026

2025 жылғы 6-8 қараша аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған  XІІ республикалық «Ақберен» өнер байқауының қорытынды кезеңі өтті.

         Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне  қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

         Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:

  1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша - Тажбердиева Айгерім – Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша - Аяпберген Аружан– Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-гимназиясының  8-сынып оқушысы;
  3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша - Тұрсынбай Гаухар –  Жарқайың ауданы Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  10-сынып оқушысы;
  4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Можебаев Хантемир –  Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша - Абдуразақ Иманғали - Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің  10-сынып оқушысы;
  6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша - Жангирханова Ақмаржан – Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  10-сынып оқушысы.

         Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Можебаев Хантемир марапатталды.

         Грамотамен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Жарқайың ауданы Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  10-сынып оқушысы Тұрсынбай Гаухар марапатталды.

         Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!

Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу