Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың қорытындысы туралы
08.09.2026
2025 жылдың 17-21 қараша аралығында Астана қаласында республиканың білім беру ұйымдарының 11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVIII Президенттік олимпиада өтті. Зияткерлік олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен 201 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, одан әрі интеллектуалды даму және кәсіби бағдар беру.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.
Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен сәтті өткен Ақмола облысының 7 оқушысы қатысты:
1. Ибрагим Әділ– Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
2. Шевелёва Виктория - Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді "Тандау" мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
3. Сапаров Аян – IQanat Hugh School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;
4. Есламов Марлен– Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
5. Давлетбек Сырым - IQanat Hugh School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;
6. Санах Ислам - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
7. Мадияр Малик - Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша IQanat Hugh School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы Сапаров Аян грамотамен марапатталды.