Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІ турының (облыстық) қорытындысы

08.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 2 турын (облыстық) 2025 жылғы 24 қараша күні өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Облыстық кезеңге 12 аудандар, Қосшы, Көкшетау қалалары және  мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 68 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

І-дәрежелі дипломмен - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Алибаев Владимир;

ІІ-дәрежелі дипломмен:

1. Қуан Арсен -  Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей интернатының 11-сынып оқушысы;

2. Сайгашева Белла - Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;

ІІІ-дәрежелі дипломмен:

1. Жалбиров Дастан - Астрахан ауданы, Жалтыр  ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2. Жаксылык Алдияр - Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

3. Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

4. Жунусова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

5. Сәду Мейрам - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

Грамотамен:

1. Қасқырбай Әділжан - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2. Августович Виолетта - Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3. Есиркесинов Фараби - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей интернатының 10-сынып оқушысы;

4. Досымбекова Дарина - Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

5. Нұрбек Аяулым - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

Ақмола облысының намысын 2025 жылғы 23 желтоқсанда өтетін үшінші турда (республикалық) Алибаев Владимир, Қуан Арсен және Сайгашева Белла қорғайды.

Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы кезеңде жеңіс тілейміз!!!

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу