«Matatalab Smart Sports Competition» робототехника олимпиадасының қорытындылары туралы

08.09.2026

2025 жылдың 23 желтоқсаны күні Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының базасында «Matatalab Smart Sports Competition» робототехника олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

● оқушыларды робототехника мен бағдарламалауды меңгеруге тарту;

● оқушылардың жобалау және зерттеу дағдыларын дамыту;

● техникалық тапсырмаларды шешу арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту;

● олимпиада жеңімпаздарын анықтау және оларды әлемдік деңгейдегі келесі жарыстарға даярлау.

Олимпиадалық команданың құрамы – 2 адам. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік қатысушылар 2026 жылғы 6–10 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өтетін WRC халықаралық олимпиадасына қатысады.

Олимпиадаға барлығы 11 мектептен 20 команда, яғни 40 оқушы қатысты. Қатысушылар келесі жас санаттары бойынша бақ сынасты:

  • 8–11 жас (кіші жас санаты) – 16 оқушы, 8 команда;
  • 12–14 жас (жоғары жас санаты) – 24 оқушы, 12 команда.

  Олимпиада қорытындысы нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен кіші жас санаты бойынша  «Бірлік» командасы –  Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары Садыков Роллан және Такисов Бекжан марапатталды.

  ІІ-дәрежелі дипломмен кіші жас санаты бойынша  «Junior» командасы – Ерейментау ауданы, Еңбек ауылының негізгі орта мектебінің 5 және 4-сынып оқушылары Мереке Альдияр және Байбол Мейірбан марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен кіші жас санаты бойынша  «Болашақ» командасы – Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушылары Мұхтар Аяна және Болатбек Назерке марапатталды.

ІІ-дәрежелі дипломмен жоғары жас санаты бойынша  «Петровка-1» командасы – Астрахан ауданы, Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары Шәйкемел Алихан және Гайшунов Денис марапатталды.

     ІІІ-дәрежелі дипломмен жоғары жас санаты бойынша   «Alau» командасы – Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Махбоз Нұртілек және Барап ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Әділ Жұлдызай марапатталды.

         Шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 23


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу