«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізу туралы ақпарат

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2026 жылғы 9-11 ақпан Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізді.

Олимпиадаға 149 оқушы қатысты.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері)  7-11-сыныпта оқитын оқушылар қатысады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізіледі:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 51 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 19 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және  медальдармен марапатталды.

Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 8 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды:

         1.«Бейнелеушілер» бағыты  бойынша (қаз.) Джамбулова Томирис - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы;

         2.«Бейнелеушілер» бағыты  бойынша (орыс.) Тагинцева Дарья- Көкшетау қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

      3.«Білгірлер бәйгесі» бағыты  бойынша (қаз.) Казар Маржан  - Қосшы қаласының ІТ-мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

      4.«Жас қаламгер» бағыты  бойынша (қаз.) Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

           5.«Сөз шеберлері» бағыты  бойынша (қаз.) Сэригболатұлы Сәттібек  - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (қаз.) Тұрсынхан Арсен - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

7.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (қаз.) Нұрмұхан Әдемі - Көкшетау қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

8.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (орыс.) Кокорева Мария - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу