Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық « Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
09.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 11-12 наурыз аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, талантты мен дарындыларын анықтау.
Байқаудың міндеттері:
-жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру;
-Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;
- жас буынның тарихи танымдарын, демокартияға және азаматтықа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамларын қалыатастыру.
«Ілияс Жансүгіров оқулары» 5 бағыт бойынша өткізілді:
1-бағыт «Ілияс – эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы – Қатысушы І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын толық жатқа білуі керек;
2-бағыт «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы - қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазады (тақырыптар байқау кезінде беріледі);
3-бағыт «Ілияс – қарасөз шебері» - көркем сөз оқу номинациясы. Қатысушы І. Жансүгіровтың прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқиды (монолог, диалог, т.б.). Әр қатысушыға 5-7 минут беріледі.
4-бағыт «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы. Қатысушы қазылар алқасы ұсынған І. Жансүгіров өлеңдерінің біреуін таңдап алып, композициялық құрылысын, көркемдегіш құралдарды тауып, жазбаша талдайды (теңеу, эпитет, өлең құрылысы, т.б.). Талдауды ауызша түсіндіреді. Дайындалау – 5 минут, талдау – 3 минут. Талданатын өлеңдер тізімі алдын ала қосымшада беріледі.
5-бағыт «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлерлер номинациясы. Буктрейлер І. Жансүгіровтың тек бір шығармасына арналуы керек.
Облыстық кезеңге 36 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 15 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.
I-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. «Ілияс - қарасөз шебері» бағыты бойынша Жуманова Аружан - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2. «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Муханбетқали Бәтима марапатталады - Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3. «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Базарбай Аружан - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. «Ілияс - эпик ақын» бағыты бойынша Орынбек Ақкербез - Аршалы ауданы, И. Құтпанұлы атындағы Жібек жолы кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2. «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап!» бағыты бойынша Буйдахмет Айару - Ақкөл ауданы, Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
3. «Ілияс - қарасөз шебері» бағыты бойынша Сатыбалдина Раушан - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп - гимназиясының 11-сынып оқушысы;
4.«Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Темирбекова Даяна - Ерейментау ауданы, Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
5. «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Жакуден Абдуләлқадыр - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
6. «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Сауытжан Саян - Целиноград ауданы, Оразақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
- «Ілияс - эпик ақын» бағыты бойынша Мұхамеджан Әли - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап!» бағыты бойынша Жаналы Самат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы;
- «Ілияс - қарасөз шебері» бағыты бойынша Әсетханқызы Маржан - Ақкөл ауданы, Амангелді ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Аскерова Салтанат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы;
- «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Павленко Вероника - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп - гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Қуанышбек Томирис - Көкшетау қаласының №21 мектеп -лицейінің 8-сынып оқушысы;
Грамотамен марапатталды:
1.«Ілияс - эпик ақын» бағыты бойынша Өсен Диана - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы;
2.«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап!» бағыты бойынша Съезханқызы Арайлым - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
3.«Ілияс - қарасөз шебері» бағыты бойынша Үлесбекұлы Байбарыс - Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
4.«Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Елубай Әділжан - Көкшетау қаласының №13 ЭКОС» мектеп -гимназиясының 9-сынып оқушысы;
5.«Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Нұрпейсова Мадина - Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы.
Жеңімпаздарымыз мен жүлдегерлеріміз шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!