Қашықтан XXXVІIІ Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасына және математикадан XXV Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына қатысу қорытындылары туралы
09.09.2026
Астана қаласында 2026 жылғы 8-13 наурыз аралығында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Қашықтан XXXVIІІ Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы және 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған математикадан XXV Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.
Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми және білім беру байланыстарын дамыту мақсатында өткізіледі.
Ақмола облысын келесі қатысушылар ҰСЫНҒАН:
1. Есиркесинов Фараби – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
2. Жақсылық Алдияр – Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Қашықтан XXXVIІІ Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жақсылық Алдияр марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!