10-11 сынып оқушыларына арналған VII республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 3 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларына арналған VII республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетнің базасында өтті.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі еспетерді шешуге дағдыландыру.
Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 10-сынып оқушылары арасынан 40 оқушы, ал 11-сынып оқушылары арасынан 43 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 10 оқушы, грамотамен- 4 оқушы марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 10 оқушы, грамотамен - 6 оқушы марапатталды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ішкі грантымен олимпиаданың алтын жүлдегері Ибрагим Адиль - Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы марапатталды.