Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
Тараз қаласында 2026 жылғы 3 – 7 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 13 оқушы қатысты: Қазақстан тарихы – 5 оқушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 4 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша - 4 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Шамилов Кемаль — Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі" пәні бойынша;
- Тимур Ансар — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10 (8)-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;
- Амангелді Абдуррахман — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;
- Құлшымбек Қарлығаш — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!