Ө. Жолдасбеков атындағы 11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХVІ Халықаралық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

09.09.2026

2026 жылдың 15-17 наурыз аралығында, Астана қаласында, Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейінің базасында Ө. Жолдасбеков атындағы 11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХVІ Халықаралық конкурсы өтті.

Механика және инженерия ғылыми мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым Өмірбек Арисланұлы Жолдасбековке арналған Халықаралық конкурс 2010 жылдан бастап, жыл сайын, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бірлесіп өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаты: математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Конкурсқа 2025-2026 оқу жылының республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері, шетелдік мектептерден ғылыми жобалардың ұлттық жарыстарының жеңімпаздары (математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секцияларына) қатысады.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады.

Конкурсқа Ақмола облысынан 1 оқушы қатысты:

Сулейменова Адия – Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Просмотров: 8


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу