«INFOMATRIX-ASIA» қорытындысы

09.09.2026

Астана қаласында 2026 жылғы 25-27 наурыз аралығында «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар олимпиадасы өтті. Іс-шараға 10 елден келген 600 оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» РҒПО және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Халықаралық олимпиадаға Ақмола облысының 10 оқушы қатысты. Оқушыларымыз қатысып қана қоймай жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша: ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы марапатталды.

ІІ-дәрежелі диплом иегерлері:

II-орын – Ермишкин Александр, Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Computer Art AI» бағыты бойынша иеленді.

II-орын – Ержанулы Мансур, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «Applied science» бағыты бойынша иеленді.

II-орын – Аралтай Айкын, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Applied science» бағыты бойынша иеленді.

ІІІ-дәрежелі диплом иегерлері:

IІI-орын – Ережепов Санжар, ОСШИОД №3 мектебінің 9-сынып оқушысы, «Applied science» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Темеш Мирас, ОСШИОД №3 мектебінің 9-сынып оқушысы, «Applied science» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Бахытжан Досмухаммед, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «Short Movie» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Турлыбек Ерахмет, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «Short Movie» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Еркин Альуарис, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «Startup Pitch» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Шортанбай Жансұлу, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «Startup Pitch» бағыты бойынша иеленді.

III-орын – Байток Аружан, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Startup Pitch» бағыты бойынша иеленді.

Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша Ермишкин Александр Алматы энергетика және байланыс университетінің толық білім беру гранты табысталды.

«INFOMATRIX» конкурсы — әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік IT оқушылары қатысатын халықаралық компьютерлік жобалар конкурсы. Ол Румынияда өтетін халықаралық «INFOMATRIX» конкурсы негізінде құрылып, «INFOMATRIX-ASIA» аясын кеңейту және оқушыларға қатысу мүмкіндігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Конкурс Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Конкурс жеңімпаздары әлемнің және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар иеленді. Бүгінде сол жоғары оқу орындарын бітірген жастардың арасында танымал видеографтар, дизайнерлер, бағдарламашылар және қоғамда маңызды рөл атқарып жүрген басқа да мамандар бар.

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу